Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөнінде комиссиялар құрылды

2020 жылдың 25 сәуір 2020 22:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссиялар құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасы бойынша Қазақстанның барлық өңірінде Денсаулық сақтау басқармалары жанынан коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссиялар құрылды.

Комиссия науқас өлімінің тікелей себептерін анықтау үшін медициналық құжаттамаға талдау жүргізеді.

Арқалықта үйінде қайтыс болған 84 жастағы науқасқа қатысты талдау жұмыстары 27 сәуірде жүргізіледі.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша науқас өлімінің тікелей себебі анықталады.

Бүгінде науқас туралы барлық қажетті медициналық құжаттар Арқалық қалалық емханасынан және облыстық жедел жәрдем қызметінен сұратылған.

Талдау нәтижелері кейінірек қосымша жарияланады.


Басты сөздер: Коронавирус, Медицина,
Жоғары қарай