Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Коронавирустың өршуіне байланысты ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды

2021 жылдың 6 қараша 2021 18:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропалық одақ Украинада коронавирус жағдайларының артуына және жалпы Еуропада Covid-19 қатысты ахуалдың нашарлап кетуіне байланысты аталмыш елді «жасыл тізімнен» шығарды. Бұл туралы 5 қарашада Украина Сыртқы істер министрлігінен мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

«ЕО-ның уақытша шектеулері визасыз жүруді тоқтату болып саналмайды және бұл тек саяхаттауға қатысты. ЕО тұрақты түрде «жасыл тізімді» жаңартып отырады және эпидемиологиялық жағдай жақсарған жағдайда қандай да бір елді тізімге қайта енгізу шешімін қабылдайды, - делінген ведомствоның сайтында.

ЕО шешімі келесі аптадан бастап күшіне енеді. Украина 15 шілдеден бері «жасыл тізімде» еді. Осы тізімдегі елдердің азаматтары Еуропаға ешбір шектеусіз кіре алады (мысалы, туристік сапармен). Ережеге сәйкес, бұл тізім әр екі апта сайын қаралып отырады.

Соңғы аптада Украинада ауруға шалдыққандардың орташа тәуліктік көрсеткіші 23 мыңнан асқан болатын. 4 қарашада 28 мыңнан астам адам Covid-19 жұқтырып алған.


Жоғары қарай