Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көрші елдерге автобустар қашан қатынай бастайды

2020 жылдың 30 мамыр 2020 06:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көрші елдерге автобуспен жолаушы тасымалдау қашан жанданатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Моңғолиямен халықаралық бағыттарды жаңғырту туралы шешім бұл елдердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай қабылданады», делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, елімізде қаларалық автобустар 5 маусымнан бастап қатынайды.

Еске сала кетсек, 17 наурызда Қытай, Өзбекстан және Моңғолияға жолаушы тасымалдайтын автобустар тоқтады.


Жоғары қарай