Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көші-қон комитеті шетелдіктерді шекарада тіркеу жұмысын қолға алды

2019 жылдың 30 қазан 2019 15:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті шетелдіктерді шекарада тіркеу жұмысын қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күні кеше Алматы қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерді тіркеуді мемлекеттік шекарада жүргізу керектігін мәселе етіп көтерген еді. Сонымен бірге, ол Ішкі істер министрлігі бұл мәселемен айналысып жатқанын білдірді. Қазіргі таңда тиісті жұмысты қолға алдық. Десе де, бұл жұмыс Сыртқы істер министрлігімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен қосымша пысықтауды қажет етеді. Ол үшін заңнамалық тұрғыда өзгерістер енгізу қажеттігі бар деген ойдамыз. Осыдан соң белгілі бір шешімнен кейін тиісті мәліметтерді жариялаймыз», - деді ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов Үкіметтің баспасөз орталығында.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңесте жуық арада шетелдіктерді міндетті тіркеу сияқты анахронизмнен құтылу керектігін мәлім еткен еді.

Жоғары қарай