Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қосшыда жоғалған 6 жасар қыз табылды

2021 жылдың 11 сәуір 2021 00:01

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Қосшы ауылында жоғалған 6 жасар қыз бала елордадан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Целиноград аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Қосшы аулының тұрғыны әйел хабарласып, психикалық дертке шалдыққан 23 жастағы ұлы үйден 6 жастағы қарындасын ертіп белгісіз бағытта кетіп қалғанын айтқан.

Бұл туралы әйел әлеуметтік желіге жазба қалдырып, желі қолданушылардан көмек те сұрады.

«Полиция қызметкерлері бірнеше топқа бөлініп, іздестіру шараларын қолға алды. Нәтижесінде жас жігіт пен қыз бала Нұр-Сұлтан қаласындағы «Еуразия» сауда үйінің маңында жүргені анықталды», - деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде жоғалған қыз анасымен қауышты. Оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Ал, оның 23 жастағы ағасына қатысты психоневрологиялық диспансерге орналастыру мәселесі қаралуда.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Оқиға, Ақмола облысы,
Жоғары қарай