Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қосшыда жолаушылар автобусы мен КамАЗ соқтығысты: Зардап шеккендер бар

2020 жылдың 1 маусым 2020 20:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда түбіндегі Қосшы елді мекенінде жолаушылар автобусы мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысты. Бұл ақпаратты STC компаниясының баспасөз қызметінен растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін сағат 14:05-те «Лесная поляна» тұрғын үй алабы маңындағы Қарқаралы тас жолы мен Республика көшесінің қиылысындағы бағдаршамның істен шығуы салдарынан №303 бағдарындағы автобус пен «КамАЗ» автокөлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы кезінде автобус ішінде 25-ке жуық жолаушы болды», - деп атап өтеді компаниядан.

Таратылған мәліметке қарағанда, автобус жүргізушісі сағатына 17 жылдамдықпен қосалқы көшеден шығып, «КамАЗ» жүк көлігімен қақтығысқан. Қазіргі мәлімет бойынша, жөл-көлік оқиғасы салдарынан оннан астам адам зардап шекті. Қосымша мәліметтер анықталып жатыр.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобустың сол және алдыңғы жағы зақымдалды. Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Оның қоғамдық көліктегі тәжірибесі 25 жыл. Рейс алдындағы медициналық тексеруден бүгін сағат 05:00-де өткен. 2019 жылы біліктілікті жоғарлату орталығында оқыған», - делінген таратылған ақпаратта.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Жоғары қарай