Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қостанай әкімінің орынбасары лауазымын асыра пайдалану күдігіне ілінді

2020 жылдың 9 шілде 2020 15:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай қаласы әкімінің орынбасары мен әкімдіктің өзге де лауазымды тұлғалары лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану күдігіне ілікті. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қостанай облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қостанай қаласы әкімінің орынбасары мен әкімдіктің өзге де лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар жер телімінің нысаналы мақсатын дүкеннің құрылысына заңсыз ауыстыру және оған сәулеттік-жоспарлық тапсырма беру кезінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану күдігіне ілінді»,- деді Қайсар Баржақсынов.

Сонымен қатар ол ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайтындығын ескертті.


Жоғары қарай