Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай автовокзалы жабыла ма - басқарма түсінік берді

2021 жылдың 5 тамыз 2021 13:56

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасы облыс орталығында автовокзал жабылуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство басшысы Олжас Нұрғалиевтің айтуынша, 2021 жылдың шілде айының соңында «Қостанай автовокзалы» ЖШС-дан 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қаржылық жағдайына байланысты өз қызметін тоқтату туралы хат алынған.

«Алайда, бүгінгі күнге дейін кәсіпорыннан «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ атына бекітілген үлгі (ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.01.2015 жылғы №4 бұйрығы) бойынша автовокзал қызметін тоқтату туралы тиісті хабарлама түскен жоқ. Бүгінгі күнде кәсіпорынға бюджет қаражаты есебінен материалдық көмек көрсету мүмкін емес. «Қостанай автовокзалы» ЖШС жеке кәсіпкерлік субъектісі болғандықтан, коммуналдық және басқа да қызметтер үшін қарыздарды өтеу үшін материалдық көмек көрсетуге қаржы бөлу бюджеттік заңнамада көзделмеген. Сондай-ақ, автовокзалдар мен автостанциялардың қызметін субсидиялаудың әзірленген және бекітілген қағидалары жоқ», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, «ҚЖЭК» МКК алдында тұтынылған жылу энергиясы үшін берешекке қатысты МКК-ның ресми жауабына сәйкес 2020 жылы ТЖ режимі кезеңінде автовокзалға жинақталған берешекке өсімпұл есептелмеген.

Сондай-ақ, 2020 жылдың қыркүйегінде компания жиналған қарызды өтеу кестесін келіскен.

«2021 жылдың қаңтарында «Қостанай автовокзалы» ЖШС кепілхатына сәйкес 2020 жылы алынған тұтынылған жылу энергиясы үшін қарызды өтеу кестесі келісілді, ол келісілген мерзімде өтелмеген», - деп қорытындылады басқармада.



Фото: kstnews.kz

Басты сөздер: Қостанай облысы, Көлік, Оқиға,
Жоғары қарай