Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай емханаларына 80 санитарлық автокөлік тапсырылды

2020 жылдың 9 сәуір 2020 22:11

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының медициналық мекемелеріне 80 санитарлық автокөлік сатып алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өңірлерге 15 санитарлық автокөліктің кілтін тапсырды. Жалпы, 80 санитарлық автокөлікті сатып алуға жергілікті бюджеттен 475 млн теңге бөлінді.

70 көлікті «СарыарқаАвтоПром» ЖШС құрастырған. Қалғанын «Азия Авто» АҚ арқылы алынды.

«Қазір 39 автокөлік дайын, қалған 41 автокөлік сәуір айының соңына дейін құрастырылады.

Сатып алынатын машиналардың негізгі бөлігі – 70 бірлік аудандарға жеткізіледі. 10 автокөлік Қостанай қаласының медициналық мекемелеріне беріледі.

Сонымен қатар коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша белсенді жұмыс атқырылып жатыр.

Облыста инфекцияға қарсы іс-шаралар үшін 1 214 төсек орын немесе облыстың барлық төсек көлемінен 26% құрайды.

Провизорлық, карантиндік стационарларда және инфекциялық төсектерде 178 адам ауруханаға жатқызылып, 191 адам COVID-19-ға теріс нәтижеден шығарылды»,- деді облыс басшысы.

Облыста үй карантиніне 1 Б санаттағы елдерден (ТМД елдері және республиканың қолайсыз аймақтарынан, провизорлық стационарлардан карантиннен кейін) келген 2121 адам орналастырылды. Эпидемияға қарсы шараларды үшін жергілікті бюджеттен медициналық жабдықтар, дезинфекциялық құралдар, қорғаныс комбинезондары, маскалар сатып алуға 2,1 млрд теңге бөлінді.

«Өңірге 11 мың қорғаныш комбинезоны, 3,5 мың көзілдірік, 800 бірлік дезинфекциялау құралы, 10 мыңдәке және медициналық маска сатып алынды. Облысқа мемлекеттік қор қаражатынан 535 млн теңгеге жеке қорғаныс құралдары түседі. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту халыққа уақытылы және сапалы көмек көрсетуге мүмкіндік береді», - деді Архимед Мұхамбетов.


Жоғары қарай