Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

Қостанай феномені: Облыстағы коронавируспен күрескен дәрігерлерге сыйақы беріле ме

2020 жылдың 3 сәуір 2020 18:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бір де бір коронавирус инфекциясы тіркелмеген Қостанай «феномені» туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Наурыз айының басында «Қазақстанда неге ешкім ауырмады? Қазақстан феноменінің сыры неде? Не жасырып жүрсіздер?» деген сұрақтар көп қойылатын. Мұнда ешқандай феномен жоқ, инфекция таралуының табиғи механизмі бар. Ол адамдардың қозғалысына, тығыздығына, карантиндік шараларға тікелей байланысты», - деп атап өтті министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Министр Қостанай облысындағы медициналық мамандардың күшейтілген жұмысының жақсы нәтиже бергенін атап өтті.

«Алдағы уақытта да оларға табысты жұмыс тілеймін. Науқастар табылған соң да, оның жаппай таралуына жол берілмеуі тиіс. Қостанай обылсының дәрігерлері толығымен дайын отыр», - деді Е. Біртанов.

Сонымен бірге, ведомство басшысы ауру тіркелмеген қңірдің дәрігерлеріне сыйақы беру туралы сұраққа жауап берді.

«Сыйақы қостанайлық дәрігерлерді қосқанда, коронавирус індетімен күресіп жүрген барлық мамандарға беріледі. Әсіресе, келушілерді қабылдап, тексеріп жатқан карантиндік стационарлардың жұмысы орасан. Сондықтан, бұл мәселеде еш географиялық шектеу болмайды», - деді Е. Біртанов.


Жоғары қарай