Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қостанай қаласының әкімі коронавирусқа шалдықты

2020 жылдың 9 шілде 2020 09:26

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласының басшысы Қайрат Ахметов коронавирусқа шалдықты. Бұл туралы әкім әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті қостанайлықтар! Барлық сақтық шараларын қатаң сақтауыма қарамастан, өкінішке орай, Covid-19-ға тапсырған тестім оң нәтиже көрсетті. Осы себеппен өз-өзімді оқшаулауға көшемін және жұмысымды қашықтан жалғастырамын. Осыған орай, қала тұрғындарын белгіленген барлық талаптар мен қажетті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Біздің міндетіміз – шыдамдылық танытып, тазалыққа үлкен мән беру, өз отбасымызды қауіп-қатерден қорғау»,- деді Қайрат Ахметов.

Шаһар басшысы мұндай қиын жағдайда денсаулықты қорғауға саналы түрде қарау керектігін атап өтті. Ол тұрғындарды сақтық шараларына барынша ұқыпты қарауға шақырды.


Жоғары қарай