Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысы халқының жартысына жуығы вакцина алды

2021 жылдың 29 шілде 2021 17:23

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарт — Қостанай облысында 239 мыңнан астам адам вакцина алды, облыс халқын вакцинамен қамту 47,3%-ды құрайды. Бұл туралы ҚазАқпаратқа облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анжела Бексұлтанова хабарлады.

1 ақпанда Қостанай облысында COVID-19-ға қарсы вакциналау басталды.

Бұл жұмысқа өңірдің 31 медициналық ұйымы тартылды. Оның 5-і – вакциналаудың бастапқы және қайталама кезеңдеріне арналған кабинеті бар жеке клиникалар.

Сондай-ақ вакцинацияны 181 стационарлық және жылжымалы егу пунктілері жүргізеді.

А. Бексұлтанованың мәліметінше, медициналық ұйымдардың вакцинаны сақтауы үшін 104 мұздатқыш жабдық бар.

Бір уақытта шамамен 173 мың доза сақталады. Көлемі 2-ден 50 литрге дейін аралықта 817 термоконтейнер бар.

Сондай-ақ вакцинаны аймақтарға тасымалдау кезінде суықты қамтамасыз ететін тоңазытқыштар бар.

«Бүгінгі таңда облысқа бірінші компоненттің 279 500 дозасы және вакцинаның екінші компонентінің 194 415 дозасы жеткізілді. Бірінші компонентпен 239 028 адам вакциналанды, облыс халқын вакцинамен қамту 47,3%-ды құрайды, – деп толықтырды Анжела Бексұлтанова. – Вакциналауды жүргізуге оқытудан өткен 426 медицина қызметкері жұмылдырылды».

Пандемия басталғаннан бері аймақта 20 мыңнан астам COVID-19 оқиғасы тіркелді.

«Инфекцияға қарсы тұру үшін облыста 907 науқас жатқан 1 907 инфекциялық төсекті қоса алғанда 2 207 төсек бар, олардың жүктемесі - 47,5%. Сондай-ақ 56 науқас жатқан 300 карантин төсек-орын жүктемесі - 18,6%. Амбулаториялық бақылауда ауырлық дәрежесі жеңіл 1 268 адам жатыр», – деді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Сондай-ақ облыста медициналық ұйымдарды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауда.

А. Бексұлтанованың айтуынша, медициналық ұйымдарда COVID-19 емдеу хаттамасына кіретін 85 атау бойынша қорғаныс құралдарының қоры бар.

Бұл алдағы екі айға жетеді.

«4 ірі стационарда (облыстық аурухана, Қостанай және Рудный қалалық ауруханалары, Тобыл қаласындағы облыстық фтизиопульмонология орталығы) орталықтандырылған оттегі желісі жүргізілді. 717 оттегі концентраторы және 700 оттегі баллоны бар. Жалпы, облыста эпидемиологиялық жағдай күрделі, бірақ тұрақты», – деп қорытындылады Анжела Бексұлтанова.


Жоғары қарай