Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысына дәрі-дәрмектің кезекті партиясы жеткізілді

2020 жылдың 5 тамыз 2020 17:28

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанайға дәр-дәрмектің үлкен партиясы жеткізілді. Бұл мақсатқа 90 млн теңге жұмсалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкелінген дәрі-дәрмектің арасында антибиотик, вирусқа қарсы препарат жеткілікті. Атап айтқанда, ингаверит, инфлюцид, лидокаин, новокаин, амбробене сынды дәрілерді облыс дәріханаларынан табу қиын-тын. Қазір бұл мәселе шешіліп келеді. Бүгін келген жүк көліктерінде дәрінің 10-нан астам түрі бар. Бұны сатып алуға 90 млн теңге жұмсалды.

«Дәрілер облыстың дәріханаларына теңдей бөлінеді. Дәрілік заттардың қоймадан дәріхана желісіне жетуінн бір күн уақыт керек. Жақын арада дәріханаларға Эргоферон мен Тайлолфен хот препараттары жеткізіледі. Жалпы, фармацевтикалық компанияға жүктеме күн санап артып келеді. Себебі вирусты емдеу хаттамасына сай әкелінетін препараттар тізімі жиі өзгереді. Қазір Қостанай облысының дәріханалары дәрі қорын жасақтады. Дәрі тапшылығы байқалмайды», - дейді «Рауза-АДЕ» фармацевтикалық компаниясының директоры Андрей Немцов.

Қостанайлық фармкомпанияға Ақтөбе, Ақтау сияқты басқа да өңірлер дәріге тапсырыс түскен. Алайда Андрей Немцов алдымен Қостанай облысын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жөн санаған. Жақында тағы бір жүк көлігі келмек. Онда көптен күткен термометрлер мен Анаферон сияқты табылуы қиын препараттар бар.


Жоғары қарай