Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында 1193 отбасына АӘК беру тоқтатылды

2019 жылдың 30 қыркүйек 2019 20:26

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында атаулы әлеуметтік көмек алудың заңдылығы бойынша 2439 отбасы тексерілді. Оның 116-сы көмек көрсетілу уақытша тоқтатылса, тағы 1193 отбасына төлем берілмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Максим Устиновтің айтуынша, АӘК тағайындау кезінде өңір тұрғындарының әлеуметтік қызметкерлерді алдау фактілері кездескен. Ең көп таралған бұзушылық – нақты табыстарды жасыру.

«Сарыкөл ауданындағы көпбалалы отбасы ағымдағы жылғы мамыр айында аудандық жұмыспен қамту орталығына АӘК тағайындау үшін өтініш білдірген. Отбасыға жалпы сомасы 1 млн 13 мың 760 теңгеге сайынғы шартты ақшалай көмек тағайындалды. Әлеуметтік көмекке жүгінген кезде отбасы басшысы жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық декларациясын нөлдік табыспен берді. Ағымдағы жылғы тамыз айында тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды қайта тексеру кезінде, біз бұл отбасының жеке меншігінде екі қабатты коттедж, «Береке» азық-түлік дүкені, Volkswagen маркалы автомобиль және ауыл шаруашылығы техникасы бар екенін анықтадық. Қайта есептеу нәтижесінде 1 тамыздан бастап отбасына АӘК көрсету тоқтатылды», – деді Максим Устинов.

Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар заңсыз тағайындалған АӘК қайтару бойынша шаралар қабылдауда. Жалпы, осы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша Қостанай облысынан 49089 тұрғыны атаулы әлеуметтік көмек алған.

Айта кетейік, АӘК тағайындаудың және төлеудің дұрыстығына мониторинг жүргізу нәтижесінде 73 мыңнан астам атаулы әлеуметтік көмек алушы табыс туралы дұрыс емес мәліметтер ұсынғаны.

Осыған байланысты, Министрлік әкімдіктермен бірлесе отырып, әрбір анықталған факті бойынша, бұзушылықтарға жол бермеу және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңын бұзуда заңсыз тағайындалған төлемдерді қайта қарау бойынша дербес жұмыс жүргізуде. Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылуда.

Жоғары қарай