Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында 13 жаңа жағажай ашылады

2021 жылдың 25 тамыз 2021 10:39

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда шомылу маусымындағы қауіпсіздік мәселелері жөнінде брифинг өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Азамат Өрімбаевтың мәлімдеуінше, облыс аумағында шомылуға арналған ресми 9 жағажай бар, таяу уақытта тағы 13-і ашылады.

«Жыл сайын өткізілетін профилактика жұмыстарына қарамастан облыстағы су айдындарында 18 адам суға ағып кетті, оның ішінде алтауы – кәмелетке толмаған балалар. 23 тамызда тағы екі қайғылы жағдай болды. Қостанайда кіші көпірдің маңында және Рудный қаласында ер адам су батып кетті. Кейбір су айдындары шомылуға арналмаған, сондықтан арнайы жабдықталмаған орындарда шомылу және мас күйде суға түсу салдарынан адамдар өліп кетіп жатыр. Балаларды да қараусыз қалдырмау керек», - деп атап өтті А.Өрімбаев.

Ведомство қызметкерлері қайғылы жағдайларға қарамастан, құтқару операциясын белсенді жүргізіп жатыр. Шомылу маусымы басталғалы 17 адам, соның ішінде екі жасөспірім құтқарылды. Сондай-ақ, тұрғындарға ақпарат беру мақсатында 473 ескерту белгісі мен 62 ақпарат тақтасы қойылды.

«Күннің аптап ыстығы мен адамдардың су айдынында жаппай шомылуына байланысты департамент 4 мобильді бекет қойды. Екеуі Қостанай қаласында және Жітіқара мен Арқалық қалаларында бір-бірден орналастырылды. Сондай-ақ, демалыс күндері Б.Майлин ауданындағы Қаратомар су қоймасында мобильді бекет жұмыс істейді», - деп түйіндеді А.Өрімбаев.


Авторы: Жанна Мұсабаева


Жоғары қарай