Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында 3 автокөлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

2021 жылдың 16 қаңтар 2021 12:12

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығы салдарынан бірнеше көлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Қостанай ауданы Озерное ауылының маңында, Қостанай-Екатеринбург автожолының 507-ші шақырымында болды.

«ВАЗ-2114» автокөлігін мінген 48 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай қалып, жолдың қарсы жолағына шығып кеткен. Салдарынан Lada Largus және Suzuki автокөліктерімен соқтығысады. Жарақаттарының ауырлығынан «ВАЗ-2114» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды«, - деді Полиция департаментінен.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.


Жоғары қарай