Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында 32 мың жұмыс орны ашылды

2021 жылдың 18 ақпан 2021 03:00

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – 2020 жылы Қостанай облысында 38 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Бұл туралы тұрғындарға есеп беру жиынында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Былтыр өңірде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға 8,1 млрд. теңге бөлінді. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіптік оқытуға 1486 адам жіберілген.

«2020 жылы облыста барлығы 38 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. 32 мың жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 14 мың адам жұмыспен қамту жол картасы жобалары арқылы жұмыс тапты. Негізі «Еңбек» бағдарламасы табысы аз, көпбалалы аналарды бизнеске тартуға басымдық беріп отыр. Халықтың осы санаттары үшін несие берудің жеңілдетілген шарттары қарастырылған.

2021 жылы халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту жөніндегі іс-шаралар жалғасады. 18 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл мақсатта 9,1 млрд.теңге бөлу көзделген», - дейді облыс әкімі.

Облыста еңбек ресурстарының ұтқырлығы аясында кешенді жұмыс жүргізілуде. Өткен жылы өңірлік квотаға 739 адам енгізілген, оның 187-сі оралман болса, қалғандары оңтүстік облыстардан келді. Қазір барлық азаматтармен әлеуметтік келісімшарттар жасалды, көшіп келетіндерге субсидиялар дайындалды.

Айта кетейік, бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов тұрғындарға есеп берді.


Жоғары қарай