Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында 500 шақырым жол жөнделеді

2020 жылдың 5 тамыз 2020 02:18

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 37 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат жиынында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

37 жобаның 20-сы биыл жыл соңына дейін аяқталады. Қалғаны алдағы жылы жалғасады. Бағдарламаның орындалу барысы туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Олжас Нұрғалиевтің баяндады.

Оның айтуынша, биыл көлік жолдарының сапасын жақсартуға екпін түсіріледі. Барлығы 500 шақырымнан астам жол жөндеуден өтпек.

«Жыл басынан бері 291 шақырым асфальтбетон жабынын фрезерлеу жұмысы атқарылды. Бейімбет Майлин, Қарабалық, Қарасу, Ұзынкөл, Арқалық, Амангелді және Әулиекөл, Алтынсарин, Сарыкөл және Меңдіқара аудандарында жол учаскелері жөнделді. Сондай-ақ, ескі қыртысқа жаңа материал араластыра отырып қайта өңдеу арқылы 239 шақырым жол жөнделіп, 194 шақырымына бетонды асфальт жабыны төселді. Бұл жолдардың бойындағы 38 су өткізу құбыры ауыстырылды. Республикалық маңызға ие жолдардың техникалық жағдайын қалпына келтіру және күтіп ұстау үшін автомобиль жолдары орташа жөндеуден өтеді. 20 мың шақырым жолдың шұңқыры бітеліп, 3 мың шаршы метрі ресайклинг тәсілімен қалыпқа келтіріледі», - деді Олжас Нұрғалиев.

Жалпы, облыста республикалық маңызы бар автокөлік жолдарын жөндеуге 15,5 млрд теңге бөлінген. Бұл 2019 жылға қарағанда 2 есе көп.


Жоғары қарай