Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында 54 дәрігерге пәтер кілті тапсырылды

2021 жылдың 17 ақпан 2021 17:41

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 54 медицина қызметкеріне баспана берілді. Бұл туралы халыққа есеп беру жиынында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облысында денсаулық сақтау секторында 15 мың адам жұмыс істейді. 2020 жылдың тамыз айынан бастап облысқа басқа өңірлерден 186 келген. Бұл облыста кадр тапшылығын шешуге айтарлықтай септігін тигізген.

«Біз былтыр облыс үшін ең қажетті мамандықтардың тізімін жасап, жас мамандарды іздедік. Әсіресе, сәулелік диагностика, эндокринологтар, нефрологтар, инфекционистер, онкологтар жетіспей жатты. Міне, енді жас мамандар жергілікті бюджет есебінен қосымша білім алады. Жергілікті бюджет есебінен қалаға келген дәрігерлерге 1 млн теңге көтермеақы төленді. Ал ауылдық жерлерге барған мамандарға 1,5 млн теңгеден материалдық көмек белгілеп отырмыз. 2020 жылы мұндай қолдауға 107 дәрігер ие болды», - деді аймақ басшысы.

Өңірде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 310 медицина қызметкері көтермеақы алды. Оларды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарына айтарлықтай басымдық берілген. Былтыр жаңадан келген дәрігерлерге тұрғын үй Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы берілді.

«Қазірдің өзінде 54 дәрігерге пәтер кілтін тапсырдық. 2021 жылы тағы 100 дәрігер баспаналы болады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрігерлердің жалақысы тағы 30% -ке және орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 20%-ке артты. Облыстың медициналық қызметкерлеріне материалдық қолдау көрсету жұмыстары жалғасады», - дейді Архимед Мұхамбетов.


Жоғары қарай