Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында 5790 адам жұмысқа орналасты

2020 жылдың 20 қазан 2020 13:41

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Архимед Мұхамбетов «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыспен қамтудың 2020 жылға арналған Жол картасын іске асырудың негізгі мақсаты – инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту, жұмыспен қамту, оның ішінде ауылдарда, кенттерде, шағын қалаларда инфрақұрылымдық даму жобаларын іске асыру. Жиын барысында облыс әкіміне әр аудан-қаланың индикаторлары таныстырылды. Жалпы, өңірде мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 55,8 млрд теңге сомасына 282 жобаны іске асыру көзделген. Нәтижесінде 14340 жұмыс орнын құру жоспарланған, қазіргі уақытта жұмыспен қамту орталықтары арқылы 5790 адам орналастырылды. Осылайша, жылдық жоспар орындалды.

Биыл өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына коронавирус пандемиясы айтарлықтай әсер еткен. Соған қарамастан «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасын іске асыру арқылы кәсіпкерлердің табысы сақталып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Бағдарлама басталғалы Қостанай облысында 2 мыңнан астам жоба қолдау тапқан.

Кеңесте 2021 жылға арналған жобалар қарастырылды. Архимед Мұхамбетов мемлекеттік мекеме басшыларына Жұмыспен қамтудың Жол картасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларды үнемі бақылап отыруды тапсырды.


Жоғары қарай