Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қостанай облысында 70 жеңіл өнеркәсіп ұйымы медициналық маска тіге бастады

2020 жылдың 30 наурыз 2020 22:24

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 70 жеңіл өнеркәсіп ұйымы медициналық маска тігеді. Бұл туралы бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі штаб отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аймақта медициналық маска өндірісі жүзеге асырылмай келген. Соған байланысты біз бұл жұмысты тігін өндірісімен айналысатын жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына ұсындық. Қазір жеңіл өндірістің 70 кәсіпорны келісім беріп отыр. Жақын арада жұмыс басталады. Сондай-ақ облыстың дәріханалық желілерінің иелері жергілікті өндірушілерден қорғаныс маскаларын сатып алуды жүзеге асыру қажет», - деді облыс әкімі.

Өңір басшысының айтуынша, тағы 20 кәсіпорнынға медициналық маска тігуді ұйымдастыру мәселесі ұсынылады. Жалпы 17-29 наурыз аралығында облыс бойынша 238 мың қорғаныш маскасы тігілген.

Облыс басшысы қала және аудан әкімдеріне кәсіпорындардағы өндіріс көлемін арттыруды, тігін цехтары мен ательенің жұмысын тиімді ұйымдастыруды тапсырды.

Ең бастысы, маска сатып алып, қымбатқа қайта өткізуге жол бермеу міндеттелді.


Жоғары қарай