Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Қостанай облысында ақбөкен төлдейтін аумақтар бақылауға алынды

2020 жылдың 31 мамыр 2020 21:07

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының табиғат қорғау полициясының қызметкерлері өңірдің оңтүстік аймақтарында ақбөкен популяциясын қорғау бойынша рейд шараларын жүргізуде, деп хабарлайд ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға Амангелді және Жангелдин аудандарының қорық қызметкерлері көмектесуде. Рейд барысында мобильдік топтар Қостанай облысы мен Қарағанды және Ақтөбе облыстары шекарасындағы ақбөкен мекендейтін 4 мың километрден астам аумақты сүзіп шықты.

«Бұл аумақтар негізінен ақбөкеннің Бетпақдала популяциясының тіршілік ету ортасы саналады. Киік көбіне Жангелдин ауданы периметрінде төлдейді. Карантинге байланысты биыл облыста көктемгі аң аулау маусымының ашылуы әлі жарияланған жоқ. Сондықтан киелі жануарларды дәл осы кезеңде браконьерлерден қорғауды күшейтіп отырмыз. Әріптестеріміз таяуда ғана ақбөкен мүйізін интернет арқылы сатқан қылмыскерлерді құрықтады», - деді Табиғат қорғау полициясы бөлімінің бастығы Талғат Ахметов.

Талғат Ахметовтің айтуынша, полицейлердің тынымсыз еңбегінің арқасында облыста соңғы уақытта табиғатқа қастандық жасау қылмысы біршама бәсеңдеген. Жыл басынан бері табиғат қорғауға қатысты 246 заң бұзушылық тіркеліп, 2 млн теңгеге жуық айыппұл салынған.


Жоғары қарай