Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында алғашқы эко-қонақ үй пайда болды

2021 жылдың 18 маусым 2021 04:13

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында мемлекеттің қолдауы арқасында бірегей бизнес-жоба пайда болды. Қостанайлықтар мен өңір қонақтары экологиялық қонақүйге дән риза, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлағандай, кәсіпкер Гүлмира Капенова ерекше жобаны жүзеге асырғаны үшін бес миллион теңге грант алды. Іскер әйел бірнеше жылдан бері ішкі туризмді дамыту бойынша жұмыс істейді. Наурызым қорығына әйгілі «қызғалдақ» экскурсиялары, түйе фермасына экскурсиялар, қасиетті жерлерге саяхат. Бұл бағыттар қостанайлықтар мен облыс қонақтары арасында кеңінен танымал болды.

Ecohotel - бұл Гүлмира Капенованың және оның білім беру және туризм орталығы командасының бірнеше ай бойы жұмыс жасаған тағы бір идеясы. Г.Капенованың айтуынша, пандемия жағдайында эко-қонақ үй шетелдегі демалыстың тамаша баламасы болып табылады. Өйткені, Қостанай облысында жұртшылық біле бермейтін көптеген әдемі бұрыштар бар.







«Ecohotel Алтынсара ауданында көлдің жағасында, Красный Кордон ауылының маңында

орналасқан. Шатырлы қалашық 20-30 орынға арналған. Ол жылжымалы, ал орналасуын маусымдыққа және клиенттердің қалауына байланысты өзгертуге болады. Эко-отельдің тағы бір артықшылығы - оның қолжетімділігі. Сіз демалыс күндерін табиғат аясында, алысқа сапар шекпей немесе көп ақша жұмсамай-ақ өткізе аласыз. Бұл бағыт біздің облыстың тұрғындары арасында да, оның қонақтары арасында да танымал болады деп ойлаймыз. Қазірдің өзінде қызығушылық бар, шатырларды брондауда», - деді Гүлмира Капенова.

Қостанай облысында экологиялық қонақүйдің баламасы жоқ. Алайда жоба бүкіл Қазақстан үшін типтік емес. Бүгінде олардың саны елімізде санаулы ғана.





Жоғары қарай