Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында балалар үйіндегілер ПТР тест тапсырады

2021 жылдың 28 мамыр 2021 19:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа қаулыда тұрғындар арасында COVID-19 инфекциясының таралуының алдын алу үшін балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін ПТР тестілеумен қатамасыз ету тапсырылған.

Нақтырақ айтсақ, тексеру жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, даму мүмкіндіктері шектеулі, қорғаншылықтағы, патронаттағы, көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне жасалуы тиіс.

Сынама алу Ұлттық сараптама орталығының филиалындағы зертхана мамандарына жүктелген.

«Санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың аумақтық басқармаларының жауапты маманы пациенттің барлық деректерін электрондық жолдамаға, ұлттық сараптама орталығының ақпараттық жүйесіне толтыра отырып, іріктелген материалды тіркейді және маманның жеке кабинетінен тиісті зертханаға жібереді», - деп жазылған қаулыда.


Жоғары қарай