Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында бірнеше күнде 3 бала терезеден құлап кеткен

2021 жылдың 5 тамыз 2021 12:37

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат –Соңғы бірнеше күн ішінде Қостанай облысында үш бала терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстың Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Соңғы 5 күн ішінде Қостанай облысы аумағында үш бала көпқабатты үйлердің терезесінен құлап кеткен. Зардап шеккендер бар болғаны 2, 3 және 5 жаста. Олардың барлығы ауруханада ауыр халде жатыр. Соңғы жағдай кеше облыс орталығында болды. 2018 жылы туған бала бірнеше минутқа ғана әкесінің назарынан тыс қалған», - деп атап өтті облыстық басқармада.

Терезеден құлап кету себептері бұрынғыдай: терезелері ашық пәтердерде баланы қараусыз қалдыру, терезеде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы блокиратор, шектеуіш немесе өзге қорғаныстың болмауы, терезе алдына үстел, орындық, диванның болуы.

«Терезеның қауіпсіздігін алдын ала ойластыру арқылы осныдай жағдайды болдырмау керек. Блокиратор мен шектеуіштің бағасы бірнеше мың теңгеден аспайды, ал ол болмаса балалардың өміріне қауіп төнеді», делінген хабарламада.

Қостанай облысының полиция департаменті ата-аналардан сақ болуды және балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Авторы Жанна Мұсабаева


Басты сөздер: Қостанай облысы, Оқиға, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай