Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында дәрігерлер аю тістеп алған қыздың жағдайы туралы айтты

2021 жылдың 7 қыркүйек 2021 17:56

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі аю тістеп алған қыздың жасанды ес-түссіз жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, кеңейтілген консилиум өткізілген.

«Консилиум қан тамырлары хирургтарының қатысуымен және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас травматологы Болат Нағимановпен бейнебайланыс арқылы өткізілді. Әрі қарай емдеу тактикасы талқыланды. Қыз өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды, жасанды комада реанимацияда жатыр»,- деп хабарлады басқарма.
Еске сала кетейік, Қостанай ауданында демалыс орнында 5 жасар қызды аю тістеп алған болатын. Кейінірек қызға ота жасалғаны, жағдайы өте ауыр екені белгілі болды.

Авторы Жанна Мұсабаева

Жоғары қарай