Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында екі баланың анасы өзенге батып кетті

2021 жылдың 2 маусым 2021 15:29

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы Обаған өзеніне екі баланың анасы батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Балаларды қорғау күнінде әйел Құсмұрын кентіндегі достарымен бірге су қоймасында болған, онда куәгерлердің айтуынша, спирттік ішімдіктер ішіп, соның салдарынан қайғылы оқиға орын алған. Азаматтардың суға шомылуға жабдықталмаған жерде болғаны, сол арқылы өздеріне қауіп төндіргені және қайғылы салдарға ұшырағаны белгілі болды. Айта кетейік, азаматтар суға шомылуға белгіленбеген орында болған, осылайша өздеріне қауіп төндіріп, салдары осындай қайғылы жағдаймен аяқталған», деп атап өтті ведомство.




Сол күні Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 1990 жылы туған келіншекті жағадан төрт метр қашықтықта және екі метр тереңдіктен тапты.

«Іздеу кезінде сүңгуірлер бұл аймақта өзен түбінің рельефінің күрт көлбеуі бар екенін растады. Соңғы бес жылда аталған учаскеде қаза тапқандар болған жоқ», - деді ТЖД-да.

Ведомство сондай-ақ су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтамау жазатайым оқиғаларға әкеп соқтыратынын еске салды.


Жоғары қарай