Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Қостанай облысында есірткі дилерлерінің қылмыстық тобы ұсталды - ІІМ

2019 жылдың 17 шілде 2019 17:31

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - ІІМ қызметкерлері және Қостанай облысының полицейлері ұзақ уақыт ізіне түсіп, есірткі өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыскерлерді құрықтау жергілікті полиция департаментінің арнайы мақсаттағы жасағы қатыстырыла отырып Рудный қаласы мен Федоров ауданының аумағында жүргізілді.

«10 адамнан тұратын тұрақты қылмыстық топта ұйымдастырушы, курьер, өткізуші, жеткізушілердің рөлдері нақты белгіленген. Қазіргі уақытта топтың 6 мүшесі уақытша ұстау изоляторына қамалды, 4-уіне қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қабылданды», делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері ұстау және тінту іс-шаралары барысында 400 грамм героин, 3,55 млн теңге, 6,4 мың доллар, алтын бұйымдар және 5 көлік тәркіленді.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен қатысушыларына қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша (аса ірі көлемде есірткіні өткізу), сондай-ақ ҚР ҚК-нің 262-бабының 1-бөлігі бойынша (қылмыстық топ құру және басқару) және ҚР ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі бойынша (ҰҚТ қатысу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қолданыстағы заңда аталған қылмыстар үшін мүлкін тәркілей отырып, 12 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Жоғары қарай