Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында халықтың 53 пайызы толық вакциналанды

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 13:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов өңірдегі эпидемиологиялық ахуал жайлы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемия басталғаннан бері Қостанай облысында COVID-19 жұқтырудың 31 492 жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта 21 стационарда 607 адам ем алып жатыр, жүктеме – 34%. Қажет болған жағдайда төсек-орын санын 3 мыңға дейін арттыруға дайынбыз», - деді Ерлан Спанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Карантиндік шаралардың сақталуын бақылау мақсатында мобильді топтардың жұмысы да жалғасуда.

Биыл 1 тамызынан бастап өңірде 2 мыңнан астам рейд жүргізілген және 206 бұзу фактісі анықталған.

«Халықты COVID-19-ға қарсы вакциналау жұмыстары жалғасуда. Емханалардан бөлек, халық көп жиналатын жерлерде вакцина салатын бекеттер ашылды. Қазіргі уақытта халықтың 61%-дан астамы бірінші компонент, 53%-дан астамы екінші компонент салдырған», - деді спикер.

Сонымен бірге «Ashyq» жобасына қатысу үшін 4 819 өтінім берілген, оның ішінде 4 719 кәсіпорын QR-код алды.

Биылғы 1 тамызбен салыстырғанда облыста «Ashyq» жобасына қатысушылар саны 1 978 кәсіпорынға немесе 41%-ға артқан.


Жоғары қарай