Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Қостанай облысында із-түзсіз кеткен зейнеткердің денесі өзеннен табылды

2019 жылдың 25 шілде 2019 18:33

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Амангелді ауданында 1935 жылы туған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратты. Оқиға Амангелді ауданының Қарасу ауылында болған.

«Жалдама өзеніне батып кеткен 1935 жылы туған ер адамның денесін туыстары тапты. Ол белгісіз себептермен түн ортасында үйінен шығып кеткен», - деп мәлім етті ведомствоның баспасөз қызметі.

Зейнеткердің суға түсуге рұқсат етілмеген аумақта болғаны анықталды. Кісі өлімінің нақты себептері тексеріліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Жоғары қарай