Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында карантин шектеулері біршама жеңілдетілді

2021 жылдың 10 қыркүйек 2021 18:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.Дәулетбаевтың жаңа қаулысымен өңірде карантин шектеулері біршама жеңілдетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, осы жылыдың 13 қыркүйек күні сағат 00-00-ден басына күшіне енетін құжатқан сәйкес, діни нысандардың (мешіт, шіркеу, синагогалар және т.б.) қызметіне ұжымдық Құдайға құлшылық ету және бұқаралық іс-шаралар, оның ішінде «жұма намазын» өткізуге тыйым күшінде қалады. Дегенмен, бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебінен жеке-жеке құлшылық жасауға рұқсат беріледі. Оларда орналасқан қоғамдық тамақтану нысандары тек Ashyq жобасымен жұмыс істей алады.

Сонымен қатар ойын-сауық аймақтарының жұмысына рұқсат етілмейді. Ал Ashyq жобасына қатысатын сауда орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері ҚР БМСД № 37 қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары демалыс және мереке күндері қызметін тоқтатады. Жұмыс күндері олар сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін халыққа қызмет көрсетеді. Бірақ, әлеуметтік ара қашықты, маска режимі, термометрия, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим сақталуы тиіс. Азаматтар ХҚКО-ларға алдын ала брондаусыз Ashyq қосымшасы арқылы қызмет ала алады.


Жоғары қарай