Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында қоғамдық көліктердің қозғалысы уақытша тоқтайды

2020 жылдың 23 қазан 2020 15:42

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы аумағында демалыс күндері қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері В. Нечитайло қаулысына сәйкес 20 қазан сағат 00:00-ден бастап демалыс күндерге жекелей шектеулер енгізілді. Сол себепті 24-25 қазан күндері өңірде қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салынды.

Сонымен қатар демалыс күндері ауданы 2000 шаршы метрден астам сауда объектілерінің, азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда, ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтайды.

«Демалыс күндері азық-түлік емес тауарлар сататын дүкендер, бөлшек сауда объектілерінің жұмыс режимі сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеледі.

Фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының, қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмысы уақытша тоқтатылады. Бұл шектеулер 20 қазан күні сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді», делінген ведомство ақпаратында.




Фото: top-news.kz

Жоғары қарай