Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында мемқызметтердің 91 пайызы электронды форматқа көшірілді

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 15:26

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – 2020 жылы Қостанай облысында мемлекеттік қызметтердің 91 пайызы электронды түрде көрсетілді. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Асхат Ескендіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру жұмыстары кешенді түрде іске асып келеді. 2020 жылы облыс тұрғындарына мемлекеттік қызметтің 91%-ы электрондық форматта көрсетілді. Өңірдің атқарушы органдарының реестрінде 374 қызмет тізімі бар.

«Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жергілікті атқарушы органдардағы заңбұзушылықтарды 9 есеге қысқартып, оларды көрсету сапасына оң әсерін тигізді. Жалпы 2007-2021 жылдар аралығында енгізілген мемлекеттік қызметтер саны 5 есеге артты. Тек осы жылдың өзінде Қостанай облысының тұрғындары былтырғыдан 11 қызмет артық алады. Атап айтқанда, «Бастау Бизнес», «»Мүгедектерді ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектерді техникалық-көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» сынды сұраныс көп түскен қызметтер қосылды», - деді А.Ескендіров.

Қостанайда мемлекеттік органдар халыққа тиімді болу үшін бірқатар қызметтерді ретке келтірді. Сонымен қатар қызметтердің дені порталдарда қолжетімді. Бұл сыбайлас жемқорлық қаупін азайтып, қағазбастылықтан құтылуға көмектеседі дейді агенттік мамандары.


Жоғары қарай