Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Қостанай облысында полицейдің өліміне қатысты сот отырысы басталды

2020 жылдың 29 мамыр 2020 05:21

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында полицейді өлтірген айыпталушыға қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысы мамандандырылған ауданаралық сотында полицейді өлтірген Тобыл қаласының 28 жастағы тұрғынына қатысты сот отырысы басталды. Айыпталушының бұрын да сотталғаны белгілі болды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлімі бойынша айыпталып отыр.

Сот отырысы онлайн режимде өтті. Айыпталушы сот залына жеткізілмеген. Алғашқы сот отырысында куәгерлерден жауап алынды. Осы іс бойынша кезекті отырыс 2 маусымға белгіленді.

Айта кетейік, полиция сержанты Дархан Базарбаев 19 қаңтарға қараған түні қызметтік борышын атқару үстінде қаскөйдің қолынан мерт болған еді. Өз отбасын қырып-жоймақ болып қоқаң-лоқы көрсеткен 28 жастағы Тобыл қаласының тұрғыны шақыртумен барған Дарханға пышақ салған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем сержантты құтқарып қала алмады.

Еске сала кетсек, қаңтар айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметтік борышын атқару барысында ерлік пен жанқиярлық көрсеткен Дархан Базарбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.


Жоғары қарай