Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысында заңсыз жүрген 11 шетелдік жауапқа тартылды

2021 жылдың 17 ақпан 2021 19:59

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының аумағында «Мигрант» жедел алу іс-шарасы өтіп жатыр. Оның мақсаты - өңірдегі шетелдіктердің құқықтық мәртебесін реттеу, әкімшілік заңнаманың сақталуына қадағалау, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акция басталған екі күннің ішінде елде заңсыз жүрген 11 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар шетелдіктердің келгені туралы уақтылы хабарламағаны үшін 33 жұмыс беруші де заң алдында жауап береді.

«Қостанай облысында 28 шетел азаматының құқықтық мәртебесі реттелді. Қостанай қаласы полиция басқармасының Көші-қон қызметінің қызметкерлері «Даму» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, елшілік арқылы жеке басты куәландыратын құжаттарды қалпына келтіруге көмектесті. Мәселен, 1990 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы және 1985 жылы туған Тәжікстан Республикасының азаматы дер кезінде қолдауға ие болды. Сондай-ақ, «Мигрант» жедел алдын алу шарасы аясында Жітіқара және Науырзым аудандарының криминалдық полиция қызметкерлері іздеуде жүрген екі қылмыскерді ұстады», деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.


Жоғары қарай