Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысындағы барлық мектеп бейнебақылау жүйесімен қамтылған - әкім

2020 жылдың 26 қараша 2020 19:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай облысындағы барлық мектептер кеңжолақты интернетке қосылған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында өңір әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім беру саласын қаржыландыру жыл сайын ұлғайып келе жатыр. Тек осы жылы ғана оның көлемі 1,5 есе артып, 122,8 млрд теңгені құрады. Биыл Әулиекөл ауданына қарасты Аманқарағай ауылында 320 орынға арналған мемлекеттік тілде білім беретін мектеп ашылды. Желтоқсанда Қостанай қаласында мемлекеттік және орыс тілдерінде білім беретін 1200 орындық мектеп «Юбилейный» шағын ауданында пайдалануға беріледі. Сонымен қатар Қарасу ауданының Қарасу ауылында мемлекеттік тілдегі 320 орындық мектеп құрылысы жүргізіліп жатыр», - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, биыл өңірде білім беру нысандарын жөндеуге 11,2 млрд теңге қаржы бөлінді. Аталған сомаға 133 мектеп күрделі және ағымдық жөндеуден өткізілді. Мектептердің барлығы бейнебақылау жүйесімен толық қамтылды. Оған облыс бюджетінен 187,2 млн теңге жұмсалды.

«2020 жылы білім беру саласында коронавирустың таралуына қарсы күресті күшейту аясында 94 мың мектеп оқушысы мен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 20 мыңнан астам студенті қашықтан оқытуға көшірілді. Қашықтан оқытуға сапалы жағдай жасау мақсатында 3,8 млрд теңгеге 21 мың компьютер сатып алынды. Педагогтардың компьютерлік техникамен қамтамасыз етіулі 100 пайызды құрайды. Облыстағы барлық жалпы білім беретін мектептер кеңжолақты интернетке қосылған», - деді Архимед Мұхамбетов.


Жоғары қарай