Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысының бюджетіне өзгерістер енгізілді

2020 жылдың 27 мамыр 2020 17:28

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының 2020-2020 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енді. Бұл облыстық мәслихаттық кезектен тыс сессиясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазинаның сөзінше, облыстық бюджет мемлекеттік сатып алу және қаржыны оңтайландыруға байланысты қайта қаралып отыр. Былтырғы бюджеттен үнемделген қаражат әлеуметтік нысандардың жөнделуі мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына бағытталады.

«Осы жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 27 жобаның сметалық құжаттамасын әзірлеуге 189,6 млн теңге жұмсалады. Нақты жобалар республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен жүзеге асады. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 867,4 млн теңге беріледі. Білім басқармасының жобаларына 566 млн теңге қарастырылған. Оның ішінде 434,5 млн теңге облыс мектептерінің қажеттіліктеріне жұмсалады. Амангелді, Әулиекөл, Жангелдин, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Сарыкөл, Федоров аудандары мен Қостанай қаласының мектептеріне 151 мыңнан астам оқулық сатып алынады», - дейді Гүлбарам Мұсағазина.

Бұдан бөлек, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 361,7 млн теңге, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына 298,1 млн теңге бағытталады. Полиция департаментіне 20 млн теңгеге жеке қорғаныс құралдарын сатып алу да осы жылдың жоспарына енгізілген.


Жоғары қарай