Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысының индустриялық аймағына теміржол салынады

2020 жылдың 13 қазан 2020 00:25

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанайдағы индустриялық аймаққа теміржол тарту жұмысы аяқталып қалды. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Олжас Сапарбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облысында жеке кәсіпкерлерді қолдап, отандық және шетелдік өндіріс нысандарының жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау индустриялық аймақ ашылған болатын . Бұл аумақта жыл сайын әртүрлі өндіріс ошағы бой көтереді. Енді кәсіпкерлердің жұмыс тиімділігін арттыру үшін индустриялық аймаққа теміржол тартылмақ.

«Биыл ауқымды 3 жоба аяқталады. Соның бірі – Қостанай қаласындағы индустриялық аймаққа теміржол салу. Оған жергілікті бюджеттен 250,8 млн теңге қарастырылған. Бұған қоса Федоров ауданы Копыченка ауылындағы «Промбаза-7» ЖШС сумен жабдықтау құрылысын аяқтайды. Үшінші жоба – Арқалық қаласындағы «Торғай Ет» ЖШС мал шаруашылығы кешеніне электр және сумен жабдықтау жүйесін салу. Оған жергілікті бюджеттен 137,5 млн теңге бөлінді», - дейді Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Олжас Сапарбеков.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін осы жылы облыстың жас кәсіпкерлеріне 30 млн теңге берілген. 103 кәсіпкер жобаларын таныстырып, байқауға қатысқан. Осы мақсатта облыстық мәслихаттың сессиясында қосымша 100 млн теңге бөлінетін болып шешілді.

Сонымен қатар, Амангелді, Жангелдин, Қамысты, Қарабалық, Меңдіқара және Наурызым аудандарында бизнес жобалар жоқтың қасы. Осыған байланысты Олжас Сапарбеков аталған аудандардың әкімдеріне белсене атсалысу қажеттігін айтты.


Жоғары қарай