Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай облысының ТЖ департаментіне жаңа басшы тағайындалды

2020 жылдың 27 шілде 2020 18:41

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Бүгін Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа басшының тағайындалғаны туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желіде жария етті.

Өңір басшысы бүгін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ю. Ильинмен кездесу өткізіп, төтенше жағдайларды жоюдың алдын алу, өрт сөндіру, суға шомылу маусымында қауіпсіздік, қыс және су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелерін талқылады.




«ҚР ІІМ министрінің орынбасары Ю.Ильин Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа бастығы Біржан Кәрімовті таныстырды. Азаматтық қорғау полковнигі Біржан Кәрімов бұған дейін Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған. Осыған дейін ТЖД бастығы болған Талғат Базарбайұлы Кәкімовке облысқа қызмет атқарған үшін алғыс айтып, алдағы уақытта табыс тілеймін!» - деп жазды аймақ басшысы Instagram парақшасында.




Облыс әкімі хабарлағандай, 2019 жылы ТЖ органдарына материалдық-техникалық қамтамасыз етуге 307 млн теңге бөлінді, ал 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына 359 млн теңге қарастырылған. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 4 бөгеттің құрылысы жүргізілуде, ол осы жылы аяқталады.


Жоғары қарай