Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай тұрғынынан 100 мыңға жуық шөлмек ішімдік тәркіленді

2021 жылдың 27 қазан 2021 11:28

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында алкоголь өнімін лицензиясыз сату дерегі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда алкоголь өнімдерін сату және сақтау лицензияланатын кәсіпкерлік түріне жатады.

Құрамында спирті бар өнімдерді заңды түрде сату үшін кәсіпкерлер ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 28-бабына сәйкес арнайы лицензия алуы тиіс.

Сонымен қатар, рұқсат беру құжаттарынсыз алкогольді заңсыз сату деректері де орын алуда.

Осылайша, Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері алкоголь өнімін жалған есепке алу-бақылау таңбаларымен және лицензиясыз сату дерегінің жолын кесті.

Бақылаудағы сатып алу барысында облыс кәсіпорындары бірінің қойма меңгерушісі И.Мащенконың белгісіз біреуден құрамында спирті бар өнімді сатып алғаны анықталды.

Содан кейін Қостанай қаласының дүкендерінде қайта сатқан.

Барлығы жаллған белгілері бар 52 маркалы алкоголь өнімінің 93 мыңнан астам бөтелкесі тәркіленді.

И.Мащенкоға 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынды.



Жоғары қарай