Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанай түрмелерінде маска тігу өндірісі іске қосылды

2020 жылдың 21 шілде 2020 22:34

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысының түрмелерінде медициналық маска тігу өндірісі қарқын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті республикалық «Біз біргеміз» акциясына үлесін қосуда. Атап айтқанда, «УК 161-2» түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер екі айдың ішінде 80 мыңнан астам маска және 400-ге жуық қорғаныш костюмін тіккен.

«Цехта тәулігіне 1000-нан астам маска тігіледі. Өнім сертификаттаудан өткен. Аллергия және шаң-тозаңнан қорғау талаптарына сай. Жұмыс барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық жауапкершілік қатаң сақталады. Жазасын өтеушілер маскаларды мұқтаж жандарға көмек ретінде үлестіріп беруде. Түзету мекемесіндегілер облыстық психо-неврологиялық балалар интернатындағы тәрбиленушілерге 150 маска тігіп берді. Қоғамды қауіпті індеттен қорғау үшін жасалып жатқан жобаға жазасын өтеушілер өз еріктерімен атсалысуда», - дейді департаментті бас маманы Жанна Құсымбаева.

Елде шектеу шараларының енгізілуіне байланысты қылыстық атқару жүйесінің барлық құрамы күшейтілген режимде қызмет етуде. Мұндағы мәдени шаралар уақытша тоқтатылды. Ал жазасын өтеушілер туыс-туғандарымен телефон арқылы хабарласып, бейнебайланыс жүйесімен сөйлеседі.


Жоғары қарай