Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайда 30 мыңнан астам медициналық қолғапты заңсыз тасығандар ұсталды

2020 жылдың 3 тамыз 2020 22:23

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында медициналық бұйымдарды сатпақ болғандар қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық 1424 колл-орталығына куәгерлерден «Газель» автокөлігімен медициналық бұйымдарды тасымалдағандар бойынша анонимді қоңырау келіп түскен.

«Сол күні медициналық заттарды әкетіп бара жатқан көлікті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері облыс орталығынан шығар жолда ұстады.

16 қорапқа бір рет қолданылатын қолғап тиеген автокөлік ел астанасына қарай бағыт алған, одан әрі тасымалдаушылар тауарды басқа тұлғаға беру керек болған.

Қораптарға барлығы 30 мыңнан астам медициналық қолғап салынған, олардың орташа құны алдын-ала есептеулер бойынша жарты миллион теңгеден асады»,- делінген агенттік хабарламасында.

«Газель» жүргізушісінде жүк тасымалының заңдылығын растайтын қандай да бір құжат болмаған.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 214-бабымен (Заңсыз кәсіпкерлік қызмет) іс қозғалды. Бұл істі облыстың экономикалық тергеу қызметі бақылауына алды.


Жоғары қарай