Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайда 50 жастағы әйелге пышақ сұғып алған күдікті іздестіріліп жатыр

2021 жылдың 6 қыркүйек 2021 17:28

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін түскі уақытта 50 жастағы әйелге пышақ жарақаты салынды. Полиция күдіктіні іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін сағат 13:00-де «Достық» қонақүйінің аумағында болды. Жұмыстан үйіне қайтып келе жатқан әйелге белгісіз адам пышақпен тап берген.

«Мойын жағына енбейтін жарақат салынған әйел ауруханаға жеткізілді. Куәгерлер оқиға орнынан жасырынған күдіктінің белгілерін айтып берді, - деді полиция. – Ол – шамамен 40 жастағы еуропоидтық белгілері басым ер адам, қызыл спорт киімін киген, басында қара кепке болған, көзілдірік таққан. Күдіктінің бойы – шамамен 180 см. Полиция оның қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, 102 нөміріне хабарлауды өтінеді».

Аталмыш факті бойынша «Өлтіруге оқталу» бабы қарастыратын соталды өндіріс басталды.

Күдіктіні іздеуге полицияның бүкіл жасақтары жұмылдырылды.


Басты сөздер: Оқиға, Заң, Қостанай облысы,
Жоғары қарай