Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайда астыртын казино анықталды

2021 жылдың 2 маусым 2021 18:27

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қостанай қаласындағы кафелердің бірінен астыртын казиноны анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел-іздестіру шаралары барысында Қостанай қаласы аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.

Астыртын казиноның қала жертөлелерінің бірінде қызмет еткені анықталды.

Тергеу мүдделеріне сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Азаматтар арасында құмар ойынға тәуелділіктің пайда болу себептерімен күресу мақсатында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі ойын бизнесінің заңсыз түрлерін анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.


Жоғары қарай