Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 376.84
EUR 407.97
RUB 5.91
CNY 53.80

Қостанайда автобус қағып кеткен 60 жастағы ер адам көз жұмды

2020 жылдың 25 қаңтар 2020 02:20

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласында ер адам қоғамдық көліктің астында қалып қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға қаладағы КСК шағын ауданында болған.

«Қостанай қаласы полиция басқармасы «Солтүстік» бөлімінің қызметкерлері №13 автобус жүргізушісіне қатысты іс қозғады. Ол 60 жастағы қала тұрғынын басып кеткен. Жәбірленуші ауыр жарақаттан оқиға орнында көз жұмды», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қазір осы факт бойынша тергеу басталды, жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда.

Жоғары қарай