Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайда автокөлік ағашқа соғылып, бір адам көз жұмды

2021 жылдың 28 қыркүйек 2021 18:14

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – 44 жастағы қостанайлық тізгіндеген автокөлік ағашқа соғылды. Жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің Facebook-аккаунтында хабарланды.

«28 қыркүйек күні сағат үштер шамасында 102 пультіне Узкоколейная көшесінің бойында 44 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Фольксваген Пассат» маркалы автокөліктің ағашқа соғылып, аударылып кеткені туралы хабар келіп түсті», - делінген полиция хабарламасында.

Оқиға орнына автопатруль барған. Жол-көлік оқиғасы (ЖКО) салдарынан жүргізуші көз жұмған, түрлі жарақаттар алған 34 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілген.

«ЖКО сызбасы құрастырылды, қазіргі уақытта ҚР ҚК 345 бабының 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Полицияның хабарлауынша, жыл басынан бері облыста 221 жол көлік оқиғасы болып, 50 адам қаза тапқан, 263 адам жарақат алған.


Басты сөздер: Қостанай облысы, Оқиға, Көлік,
Жоғары қарай