Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қостанайда екі КамАЗ соқтығысып, бір жолаушы көз жұмды

2020 жылдың 1 маусым 2020 21:55

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында екі жүк көлігі соқтығысып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 18:00 шамасында Әулиекөл ауданының Талапкер ауылы маңында болған.

«37 жастағы «КамАЗ» жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан тағы бір «КамАЗ» көлігіне соқтығысты. Жүк көліктерінің бірі - шөп, екіншісі - арпа тиеген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы қаза болды» делінген полицияның ақпаратында.

Жүк көліктерінің жүргізушілері ауыр халде ауруханаға түсті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі олардың жағдайына қатысты ресми ақпарат беруге уәде етті.





Жоғары қарай