Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайда инвестициялық жобаларға жемқорлыққа қарсы департамент сүйемелдеу жүргізеді

2021 жылдың 28 шілде 2021 13:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысында жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысына өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сүйемелдеу жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің қызметтегі басым бағыттардың бірі бизнесті қорғау. Бұл сала бойынша біздің департаментпен 50 сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесіп әрекет ету келісімі жасалды. Біз оларды үнемі сүйемелдеп отырамыз. Біз сүйемелдейтін компаниялардың инвестиция көлемі 364 млрд теңгені құрайды. Биыл инвесторлардан 18 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 10 өтініш өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметіне қатысты, соның ішінде 7 өтініш «Атамекен»-нің проблемалы сұрақтар реестріне тіркелді. Жалпы келіп түскен сұрақтар мен өтініштердің барлығына толық жауап берілді. Әрине терең талдауды талап ететін мәселелерді шешуде біз сала мамандарын, сарапшылар мен қоғам белсенділерін тартамыз», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облыстық департаментінің директоры Қуаныш Бекбасов онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, департамент басшысы өңірде шағын және орта бизнес субъектісі қызметіне шенеуніктің кірісуі оқиғалары анықталғанын айтты. Одан бөлек, 2 іс сотқа жіберілген.

Осы орайда Қ. Бекбасов мемлекет бизнесті қорғауға әрдайым дайын екенін айта келе, бизнес өкілдерін сыбайлас жемқорлық әрекеттердің алдын алуға шақырды.

Бұған дейін аталған өңірде ауыл шаруашылығын субсидиялаудың ашықтығына талдау жүріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Одан бөлек, аймақтық Антикор басшысы Қостанай облысында жемқорлық қылмыстар залалының 99,9%-ы қайта қалпына келтірілгенін мәлімдеді.


Жоғары қарай