Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайда карантин басталғалы жұмысын тоқтатпаған мейрамханалар анықталды

2020 жылдың 11 тамыз 2020 03:07

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Өткен демалыс күндері Қостанай облысында 405 рет локдаун тәртібі бұзылған. Бұл туралы облыстың Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстың полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарып, саябақтарда, скверлерде және жағалауларда рейд ұйымдастырды. Арнайы құрылғылар мен дрондардың көмегімен суға түскендер анықталып, өзен жағасында демалыс ұйымдастырғандарға айыппұл салынды.

«Сенбі және жексенбі күндері бас санитария дәрігерінің қаулысында көрсетілген талаптар бұзылды. Мәселен, 9 тамызда «Белая юрта» демалыс базасында 60 адамның қатысуымен той жасалған. Жангелдин ауданының Торғай ауылында 30 адамның қатысуымен беташар рәсімі өткен. Сондай-ақ, Қостанай қаласындағы «Арагви» және «Тобыл» мейрамханалары карантин басталғалы рұқсатсыз өз қызметін жүзеге асырды», делінген полицияның ақпаратында.

Сонымен қатар облыс орталығы мен Рудный қаласында локдаун режимі кезінде жұмыс істеген сауналар мен моншалардың қызметі уақытша тоқтатылды.


Жоғары қарай