Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қостанайда көпқабатты үй өртеніп, 68 адам эвакуацияланды

2020 жылдың 20 қазан 2020 14:49

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай қаласында 10 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, б68 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 қазан күні сағат 02:0 шамасында Қостанай қаласының өрт сөндіру бөліміне Садовая көшесіндегі тұрғын үй өрті туралы хабар түседі. Хабарлама бойынша ТЖД Өрт сөндіру бөлімінің 42 қызметкері ме мен 9 техникасы жұмылдырылды.

«Оқиға орнына жеткен құтқарушылар бірінші қабаттың кіреберісінде құрылыс материалдары қалдықтарының жанып жатқанын анықтады. Өрт шамамен 5 шаршы метрді шарпыды. Өрт жақын аралықтағы пәтерлердің есіктеріне де тиді. Жоғары ауа температурасы әсерінен дәліздегі француз төбе жабыны балқып кетті. Түтін жоғары қабаттарға да таралып, тұрғындардың өміріне қауіп төндірді. Құтқару жұмыстарына газ-түтіннен қорғау қызметінің 4 құрамы қосылды. Өрт сөндірушілер баспалдақтармен 68 адамды эвакуациялады. 4 адам құтқарылды, оның ішінде кәмелетке толмаған екі бала бар», делінген ТЖД хабарламасында.

Қазір өрттің шығу себептері анықталуда. Өрт түнгі сағат 02:31-де сөндірілді.


Жоғары қарай